Ресейлік туристер ағыны бармаса, Түркия 10 млрд доллар көлемінде шығынға батады. Бұл туралы Ростуризм басшысы Олег Сафонов журналистермен болған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Ростуризм.
"Түркияға 4 млн 400 мыңнан аса ресейлік туристер баратын. Нәтижесінде мемлекет кірісі жылына 10 млрд долларды құрады", - деді О.Сафонов.
Оның сөзінше, Түркия енді мұндай қаржыға кенеле алмайтыны өкініш тудырады.
Сондай-ақ, ол Түркия Ресейдің туризм саласындағы ең ірі серіктестерінің бірі болғанын атап өтті.
"Ұшақ оқиғасына байланысты, қазір Түркияда ресейлік туристердің саны көп емес, қаржылық шығындар жайлы айтуға әлі ерте", - деді Ростуризм басшысы.
Еске салайық, 2015 жылдың 24 қарашасында Тұркия мемлекеті сирия-түркия шекарасында ресейлік Су-24 ұшағын атып түсірген болатын. Бұл оқиғаны Ресей Президенті Владимир Путин "ту сыртымыздан ұрылған пышақ" деп есептеді. Ал Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған аталған оқиғаға байланысты 10 рет ескерту жасалғанын айтып, мемлекет Ресейден кешірім сұрамайтынын мәлімдеді.
Фото: www.trend.az