Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейліктер капиталдарын Белоруссия арқылы сыртқа шығара бастады

Ресейліктер капиталдарын Белоруссия арқылы сыртқа шығара бастады

Ресейдегі қаржылай-экономикалық дағдарыс және халықаралық кеңістіктегі шеттетудің жалғасуы дәулетті ресейліктердің өз капиталдарын сақтау жолдарын сырттан іздеуге мәжбүр етті. Өз қаржыларын көлеңкелі түрде алып шығу үшін көбінде Беларусияны пайдаланады. Бұл туралы Белоруссияның мемлекеттік бақылау Комитетінің (КМБ) қаржылай мониторинг департаментінің директоры Вячеслав Реут мәлімдеді.

Оның сөзінше, КМБ Ресейден капиталды заңсыз алып шығу әдістерінің алдын алуға көбірек көңіл бөледі. " Активтердің шығарылуы "апатты көлемге" жетті. Белоруссияның қаржылай мониторинг департаментіне күн сайын 400-ден астам заңсыз қаржылық операциялар туралы хабарламалар түсіп отырады.

"Ресейде кең көлемдегі қаржылай дағдарыс басталғалы бері біз ресейлік азаматтардың өз активтерін белорусиялық банк жүйесі арқылы шығара бастағандарын байқадық. Біз барлық қаржылық операцияларды бақылап, күдікті көрінгендерін немесе қандай да бір экономикалық қылмысқа қатысы барлығын анықтап отырамыз" - деді Вячеслав Реут.

Еске салайық, Ресей Банкі 2014 жылы қаржыларын шетелге шығару туралы күдікті операциялардың көлемі 26,5 млрд доллардан 9 млрд долларға дейін кеміді деп хабарлаған еді.

Похожие материалы