Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Республика аумағынан қара металл қалдықтары мен сынықтарын шығаруға тыйым салынды

Республика аумағынан қара металл қалдықтары мен сынықтарын шығаруға тыйым салынды

Қазақстан үкіметі республика аумағынан қара металлдың қалдықтары мен сынықтарын шығаруға тыйым салды. Бейсенбі күні Инвестиция және даму министрінің міндетін атқарушы Альберт Рау осындай бұйрыққа қол қойды.

Енді бұйрық күшіне енген күннен бастап қара металладардың қалдықтары мен сынықтарын (код ТН ВЭД ТС 7204) таратуға тыйым салынады. Өзгерістер қосындыланған болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде коррозияға тұрақты болатқа(кодтары ТН ВЭД ЕАЭС 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және басқаларына (код ТН ВЭД ЕАЭС 7204 29 000 0) қатысты емес.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік табыс комитетіне аталған қаулының орындалуын қадағалау, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына оны іске асыру тапсырылған.

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігіне Еуразиялық экономикалық одақ мүшелеріне қара металлдардың қалдықтары мен сынықтарын шығаруға тыйым салынғандығы жөнінде ақпарат тарату тапсырылды.

 

Похожие материалы