Экономика
Қазақстандағы сәуір-маусым айларындағы орташа жалақы көлемі (инфографика)
Қазақстан Республикасында бір қызметкердің ағымдағы жылғы сәуір-маусым айындағы орташа жалақысы 124,227 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен аймен салыстырғанда 2,9 пайызға көп. Мұндай мәліметтерді ҚР Ұлттық экономика министрілігінің Статистика комитеті келтіріп отыр.
Салалық құрылымда ең көп жалақы тау-кен өндіру саласында байқалып отыр. Ол жердегі жалақы мөлшері 250,7 мың теңге. Кәсіптік, ғылыми және техникалық салаларда - 229,9 мың теңге, қаржылық және сақтандыру саласында - 229,6 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында - 193,1 мың теңге, көлік және қаттау саласында - 157,3 мың теңгені құрайды.
Ал, ең төменгі орташа жалақы мөлшері ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығында - 69,6 мың теңге. Бұл білім беру саласы көрсеткішінен 44 пайызға (84,4 мың теңгеге), республикадағы орташа көрсеткіштен 32 пайызға төмен.
Аймақтар арасында ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында екені анықталды. Ол жердегі мөлшер - 217,3 мың теңге. Жамбыл облысында - 85,2 мың теңге, бұл ел ішіндегі орта деңгейден 31,4 пайызға аз.