Алматы. 27 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың басынан бері Қазақстанның ресторан нарығы 20 пайызға қысқарды. Бұл туралы Kazakhstan Horesa мейрамханалар және қонақүй бизнесінің ұлттық ассоциациясының президенті Игорь Копаилов хабарлады.
Оның айтуынша, 2016 жылы байқалған тенденция жалғасады.
«Бұл саладағы құлдырау осы жылы да сақталады. Экономикалық дағдарыс салдарынан қандай жағдайлар болып жатқанын ескеру керек. Адамдар қаражатын үнемдеу мақсатында мейрамханаларға баруды сиретті. 2017 жылы көрсеткіш былтырғыдай болады. Біздің болжамымыз бойынша, биыл мейрамханаларға бау көрсеткіші 20 пайызды құрайды», - деп атап өтті Копаилов.
Ассоцияция президентінің пікірінше, орташа чек көлемі де 20 пайызға азайды. Келушілердің орташа төлемі 3,5-5 мың теңге көлемінде. Ал люкс санаттағы ресторандарда бұл көрсеткіш шамамен 7-12 мың теңге.
«Ал фастфудтың нарықтағы үлесі керісінше артып келеді. Өсім 30 пайызды құрайды. Бұған себеп нарықта жаңа ойыншылардың пайда болуы және адамдар уақыт үнемдеу үшін жылдам тамақтану орындарын таңдайды», - деді ол.
Копаиловтың айтуынша, орта санаттағы ресторандар тұрақтылықты сақтап тұр, люкс-мейрамханалар болса қысқарып келеді. Ал кейбір элиталы ресторандар дағдарыс кезінде жабылып қалған екен.