Экономика
Reuters: Алматы Олимпиада үшін тартыста жеңіліс табады
Reuters агенттігі қысқы Олимпиаданы өткізу үшін тартыста Алматының Пекинге жол беретіні туралы материал жариялады.
"2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу құқығы үшін тартыста әлемге танымал Пекинді беймәлім Алматымен бетпе-бет кездесу күтіп тұр", - деп жазады Reuters тілшісі.
Ол сондай-ақ, "Қазақстанның мұнай экспортынан түскен табысқа тәуелді болуы «қара алтынның» әлемдік бағасы құбылып тұрған кезде Олимпиаданы өткізудің қаржылық тұрғыдан тәуекелі көп" деп жазады.
Әрі Қазақстан сөз еркіндігі мен адамдардың жыныстық еркіндігі шектелетінін туралы да айтып өткен. Осының барлығын есепке алсақ, Алматының мүмкіндігі аз дегенді меңзейді Reuters.