Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

РФ ОБ: Экономикамызда банк дағдарысы болмады

РФ ОБ: Экономикамызда банк дағдарысы болмады

Ресей экономиксына қатысты ең нашар болжамдар орындалмады, жүйелі банк дағдарысы болмады деп мәлімдеді Мемлекеттік думада сөйлеген сөзінде РФ Орталық банкі (ОБ) төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Тулин.

"Біздің еліміз, экономикамыз күрделі кезеңді аман-есен өткеріп жатыр, яғни бұдан да нашар жағдай болуы мүмкін еді. Ресейдің маңызды ірі компанияларының бірде бірінде сыртқы борышқорлық міндеттемелер бойынша ешқандай дефолт болған жоқ", - деді Д.Тулин. "Рубль бағамы құлады, сосын аздап түзелді, және жалпы алғанда рубль девальвациясын қазіргі күндегі жағдайын дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырсақ, ол әлімдік тәжірибеде болып жатқан жағдайға сйкес келеді, егер Норвегияның кронасы мен Бразилия реалының девальвациясымен салыстырып, оларға біздің айрықша сыртқы саяси міндеттемелерімізге қарай түзету енгізсек, жағдай соншалықты нашар емес", - деп мәлімдеді ол. "Жүйелі банк дағдарысы болмады, яғни ең нашар болжамдар орындалмады, бұл Ресей үкіметі мен ОБ дағдарыстардан өту тәжірибесін жинақтап алғанының арқасында болып отыр деп топшылаймын", - деп қорытындылады Д.Тулин.

Похожие материалы