Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Риэлторлар мен ломбардтардың кәсібіне заңды түрде қаржылай мониторинг жасалуы мүмкін

Риэлторлар мен ломбардтардың кәсібіне заңды түрде қаржылай мониторинг жасалуы мүмкін

Қазақстанның қаржы министрлігі риэлторлар мен ломбардтардың әрекетіне  заң жүзінде қаржылай мониторинг жасауды ұсынды.

Ведомства "Қылмыстық жолмен, терроризмді қаржыландыру арқылы алынған табыстарды жариялауға қарсы сұрақтарға байланысты кейбір заңдық актілерге өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы" заң жобасына осындай өзгерістер енгізуді ұсынды.

"Бірінші блокта қаржылық мониторинг субьектілерін кеңейту көзделген. Халықаралық стандарттар бойынша, Қазақстан үкіметі қаржылай қызмет көрсететін тұлғалардың барлығын қамтуы қажет. Осыған байланысты қаржылай мониторингке жаңа бес субьект енгізілді", -деп мәлімдеді қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев.

Жекелей алғанда, мониторингке лицензиясыз лизинг беретін лизингтік әрекеттерді орындайтын тұлғаларды, бағалы металлдармен, тастармен және әшекей бұйымдармен операция жүргізетін тұлғаларды, тұрғын-үй сатып алу және сату кезінде делдалдық қызмет көрсететін тұлғаларды және төлемақы қабылдайтын операторларды енгізу қажет деп атап өтті ол.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде заң жүзінде қаржылай мониторинг жасауға болатын 12 субьект бекітілген. Олардың ішінде банктер, биржалар, сақтандыру ұйымдары мен брокерлер, бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры және еркін зейнетақы жинақтаушы қорлары, нотариустар, микроқаржылай ұйымдар және басқалары бар.

Похожие материалы