Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Рим папасы Абайдың ілімін мысал етті

Рим папасы Абайдың ілімін мысал етті

Нұр-Сұлтан. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Рим папасы Франциск қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ілімін мысал етті, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Кеше қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы көп мәлімет алдым. Бүгін бұл музыкалық аспапты осы жердің ұлы ақыны, композиторы – Абайдың үнімен байланыстырғым келеді. Ол өзінен кейін діндарлықты сіңірген туындылар қалдырды. Абай адамгершіліктің бастауы – махаббат пен әділдік екенін еске салады. Қандай жағдай болмасын зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Құдай баршамызды соғысқа емес, бейбітшілікке үндейді», – деді Рим папасы.

Сондай-ақ ол Абай білім мен таным көкжиегін кеңейтуге шақырғанын атап өтті.

«Абай білім-ғылымға ұмтылып, өзгелердің мәдениеті мен дәстүрін тануға, тарихы мен әдебиетін оқуға үндеді», – деді Рим папасы.

Айта кетейік, екі күнге созылатын съезге 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым мүшелері келген.

Діни форумға Рим Папасы Францисктен бөлек, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф және басқа да діни жетекшілер, бірқатар халықаралық ұйым өкілдері қатысуда.

Похожие материалы