Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үрімшіден Алматыға қатынайтын пойыз іске қосылады

Үрімшіден Алматыға қатынайтын пойыз іске қосылады

Астана. 29 қыркүйек. 7kun.kz — 30 қыркүйектен бастап Үрімшіден Қорғас өткелі арқылы Алматы қаласына қатынайтын халықаралық саяхат пойызы жолға шығады. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

«Бұл ашылған жаңа бағыт бұрынғы Шыңжаң-Алатау сағасы өткелі арқылы Алматыға баруға қарағанда, көп уақыт үнемдейді», деп жазады «Жэньминь жибао» порталы.

"Үрімші темір жолы" мәліметінше, Қытай мен Қазақстан темір жол мекемелері өзара келісімге келе отырып,  30  қыркүйектен бастап, Үрімші - Алматы K9795/K9796 кезекші халықаралық саяхат пойызының Алатау ـ Достық өткелі арқылы шығу жолын, Қорғас ـ Алтынкөл өткелімен ауыстырады.

Жаңа бағыттағы пойыздың жолы 1048 шақырымды құрады. Бұл бұрынғы бағытты 301 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бағыт жолаушылардың жолға кететін уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Үрімшіден Алматыға қатынайтын халықаралық саяхат пойызы аптасына 1 рет жүреді. Яғни, 30 қыркүйекте Үрімші оңтүстік бекетінен жолға шығып, 1 қазанда Қорғас - Алтынкөл өткелі арқылы Алматы қаласына жетеді. Ал, Алматыдан 2 қазанда шығып, 3 қазанда Үрімшіге жетпек.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы