Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Rio Tinto: Темір кенінің өндірісін шектеу - ақылға қонымсыз идея

Rio Tinto: Темір кенінің өндірісін шектеу - ақылға қонымсыз идея

Rio Tinto компаниясының бас атқарушы директоры Сэм Уолш темір кені өндірісінің көлемін шектеу идеясын көңілге қонымсыз деп есептейді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.

"Мұндай мүмкіндіктерді қарастыру Австралия мүддесіне сай келмейді және бұл "абсолютті нонсенс", - деді ол.

Сонымен қатар Rio Tinto басшысының пікірінше, өндірісті шектеу Қытайдағы тұтынушылардың мүддесіне де қарама-қайшы.

Оның айтуынша, тиімсіз өндірістерге жәрдем мен қолдауды көрсету бойынша жасанды шаралар мен "аңғал сұлбалар" дұрыс емес, еркін сауда мен экономикалардың ашықтығы маңызды.

Құрамында 62% темір бар темір кенін Қытайдың Циндао портына жеткізу жөніндегі келісім-шарттардың бағамы бейсенбі күні 0,8%-ға, тоннасына $55,36 дейін төмендеді. Соңғы кездері темір кені 2008 жылдан бері ең төмен деңгейде сатылуда.

2014 жылы 47%-ға түскеннен кейін, ағымдағы жылдың басынан бері шикізат шамамен 20%-ға арзандады.

Австралия тарапынан шикізат жеткізілімінің артуы әлемдік нарықтағы артық ұсынысты тудырып, бағалар күрт төмендеуде.

Похожие материалы