Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Елбасының идеяларын жүзеге асыра отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асырады.
Жобаның мақсаты толеранттықты тәрбиелеу және әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерттеу арқылы балалардың бойында рухани-адамгершілікті дамыту, қазақтардың және барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айтуы, мейірімділік, достық және барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.
Мереке қарсаңында республиканың барлық мектептерінде, балалар үйлерінде және басқа да білім беру ұйымдарында осы тақырып аясында түрлі мерекелік іс-шаралар, танымал адамдармен, ардагерлермен кездесулер, жылжымалы көрмелер, байқаулар өткізу жоспарлануда.
Жоба балаларға, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толеранттық тәрбие бойынша практикалық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоба іс-шараларды аудандық (қалалық), облыстық деңгейлерде өткізуді қарастырады және балаларды барынша көп жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Жоба балалардың тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынас мәдениеті бойынша білімін, білігін және дағдыларын қалыптастыруға, ұлты басқа құрдастарына толерантты қарым-қатынас дағдыларын дарытуға, балаларды ұлттық мәдениетті, түрлі халықтар мен елдердің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеуге мүмкіндік береді.
Жоба шеңберінде мына республикалық іс-шаралар:
2019 жылғы 14 қаңтар – 28 ақпан аралығында – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтықтан өткізілетін байқау www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтта;
2019 жылғы 24-25 ақпан аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі Алматы қаласында;
2019 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралығында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі Алматы қаласында өткізіледі.
Балалардың аталған іс-шараларға қатысуы көркем және сәндік-қолданбалы өнер арқылы олардың тұлғалық ресурстарын көрсетуіне, шығармашылық әлеуеттері мен жеке мүмкіндіктерін дамыту процесінде өздерінің даралықтарын сезініуіне, толеранттық, достық және бір-біріне деген құрмет, Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтарылық байланысты бекіту басты тақырыбы болатын зияткерлік байқаулар мен құрылымдық дискуссияларды насихаттауға ықпал етеді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, жетекшілеріне – алғыс хаттар беріледі.