Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласына арналған «Үркер-2017» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Ұлттық сыйлық құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Ұйымдастырушы - «Қазконтент» АҚ.
Сыйлық келесі аталымдар бойынша беріледі:
1) үздік фотосурет;
2) үздік репортаж;
3) үздік талдамалық материал;
4) үздік журналистік зерттеу;
5) үздік сұхбат;
6) Қазақстан туралы үздік танымдық материал;
7) үздік халықаралық талдамалық материал;
8) журналистикадағы дебют;
9) үздік радиобағдарлама;
10) үздік өңірлік радиостанция;
11) үздік өңірлік мерзімді басылым;
12) үздік мамандандырылған мерзімді басылым;
13) үздік жыл журналы;
14) Қазнеттегі медиасерпіліс;
15) үздік республикалық мерзімді басылым.
Байқауға журналистер мен материалдары баспасөзде, интернет-сайтта немесе радиоарнада жарияланып жүрген кез келген маман қатыса алады. Ұсынылған материалдарды белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және кәсіби журналистерден құралған қазылар алқасы сараптайды. Лауреаттар естелік мүсінше мен қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады.
Байқауға қатысу туралы өтініштер 7 мамыр - 7 маусым аралығында электронды түрде (қосымшадағы формаға сәйкес толтырылып, қол қойылған скан-нұсқасымен) өзін-өзі ұсыну форматында el.kz интернет-ресурсындағы арнайы бөлімде немесе urker@el.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.