Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz — Астанадағы 47 мектепте робототехника сыныптары ашылып, оған бюджеттен 183 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Білім басқармасы берген мәліметке сүйенсек, жыл соңына дейін қаладағы тағы 37 мектепте роботехника сыныптары ашылып, оған қажетті құрал-жабдықтар алынады деп жоспарланып жатыр. Робототехника негізгі пән емес, қосымша пән ретінде өткізіледі. Барлық мектептерде факультатив ретінде өтетіндіктен оқушылар оған өз еркімен қатысатын болады.
Робототехника пәнін информатика пәнінің мұғалімдері өткізетін болады. Олардың барлығы Назарбаев Университетінде арнайы оқыту курстарынан өтті.
Робототехника пәнінің сыныптары орта есеппен 8-10 оқушыға арналып жабдықталған. Әзірге бір аптада 2-4 рет өткізілу жоспарланған. Қосымша пәнге оқушылар тарапынан қызығушылық артса, сағат саны көбейтіледі.
Айгүл Хожантаева