
Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - Concorso d'Eleganza Villa d'Este дизайнерлік көрмесінде британдық компания Sweptail деп аталатын жаңа жобасын таныстырды. Бұл туралы khabar.kz хабарлады.
Су жаңа өнім арнайы тапсырыспен тек жалғыз дана шығарылған.
Rolls-Royce Sweptail көлігін құрастыруға 4 жыл уақыт жұмсалған. Жобаның нақты бағасын компания басшылығы құпия сақтап отыр. Дегенмен ел арасында оның 12 млн еуроға бағаланатыны айтылып жүр.
Бұл әзірге әлемдегі ең қымбат көліктің бірі.