Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Роман Абрамович музыкалық мессенджерге инвестиция салды

Роман Абрамович музыкалық мессенджерге инвестиция салды

Өзара музыкалық тректермен алмасуға мүмкіндік беретін Music Messenger қосымшасы 30 млн доллар инвестиция тартты деп хабарлайды Reuters агенттігі. Стартапқа миллиардер Роман Абрамович, продюсер және диджей Дэвид Гетта, АВВА тобының бұрынғы мүшесі Бенни Андерсон қаржы құйған.

Абрамовичтің 15 млн доллар салғандығы белгілі. Қосымшаны израильдік кәсіпкер Одед Кобо Шаи Азран, Дэвид Страусс және Узи Рефалимен бірге құрған. Сервис осыдан 7 ай бұрын іске қосылды, қазір Android және iOS құрылғыларының иелері үшін ақысыз түрде қолжетімді.

Өткен жылдың тамызында компания 5 млн доллар инвестиция алды деп хабарлайды Globes порталы. Ол кезде жобаның капиталы 25 млн доллар құраған еді.

Music Messenger музыка алмасудан бөлек, бір-бірімен бөлісуге болатын плейлист құруға мүмкіндік береді. Қосымшаның кітапханасында жүз миллиондаған трек бар. Агенттіктің атап өтуінше, қосымша музыканттардың танымалдылығын арттыруға арналған құрал ретінде әйгілі болып отыр.

Қазіргі уақытта Music Messenger  капиталы 100 млн доллар деп бағаланады. Бір ай ішінде сервиске 1 млн қолданушы қосылып үлгерген. Қосымша 10 тілді қамтыған. Осы жылы жазда Қытай, Үндістан, Ресей және Бразилия нарығына шығуды жоспарлап отыр.

Похожие материалы