Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Роман Скляр: Энергияны үнемдеу — бүгінгі таңда сәнді үрдіс қана емес, бұл шын мәнінде елеулі қажеттілік

Роман Скляр: Энергияны үнемдеу — бүгінгі таңда сәнді үрдіс қана емес, бұл шын мәнінде елеулі қажеттілік
Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz -  Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр журналистердің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына МЖӘ жобаларын енгізу туралы сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.  «Энергияны үнемдеу — бүгінгі таңда сәнді үрдіс қана емес, бұл шын мәнінде елеулі қажеттілік. Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі комитет, сондай-ақ Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі институт энергия үнемдеу саласында МЖӘ дамытуды қолдау тетіктерін енгізу бойынша бірқатар шараларды жүзеге асырды», — деді Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр. Бірқатар облыстарда бұл жобалар іске асырылуда. МЖӘ жобалары бойынша типтік конкурстық құжаттама жасалды. «Сонымен қатар, бүгінде «Даму» қорымен бірлесе отырып аталған іс-шараларды жүзеге асыруға берілетін несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету құралы іске асырылып жатыр. Несие мөлшерлемесі екінші деңгейлі банктегі деңгейден 10 пайызға төмендейді, бұл коммуналдық қызметтерге осы тетіктерді белсендірек пайдалануға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Роман Скляр. 2018 жылы барлық дерлік облыстық орталықтар аталған бағдарламамен қамтамасыз етіледі және жұмыс жүйелі түрде жалғасады. «Әсіресе, көшелерді жарықтандыру желілерінде, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен бюджеттік сала кәсіпорындарының жұмысында энергияны үнемдеуге үлкен көлем мен әлеуеттің бар екенін көріп отырмыз. Оны іске асыру керек. Жұмыстар басталды, біз оны үйлестіреміз», — деп түйіндеді инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

Похожие материалы