Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - Роскомнадзор өкілдері Таганск аудандық сотына Ресей аумағында Telegram-ды тоқтату туралы өтінішпен жүгінді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Роскомнадзордың ресми өкілдері «Telegram Messenger» ЖШС-нің Федералдық қауіпсіздік қызметіне пайдаланушылардың хат-хабарларының шифрын ашуды қамтамасыз етуден бас тартқаннан кейін сотқа шағымданғанын мәлімдеді. Павел Дуровтың компаниясы ФҚҚ талаптарын 4 сәуірге дейін орындауы керек болатын. Алайда әзірлеушілер талаптарды орындаудан бас тартты, деп жазады lenta.ru.
Қазан айында Мәскеудің Мещан аудандық соты Telegram компаниясына пайдаланушылардың хабарларын қайта кодтау жолын ФҚҚ-не бермегені үшін 800 мың рубль айып төлеткізді. 2018 жылдың наурыз айында Роскомнадзор өкілдері талаптарды орындау үшін 15 күн берген. Агенттік Павел Дуровты қолданушылар хабарламаларын қайта кодтау кілттерін беруін ескертті. Олай болмаған жағдайда Роскомнадзор Ресей аумағында мессенджерге тыйым салуды уәде етті.