Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Россельхознадзор Қазақстан, Беларусь және Ресей үшін санкциялық азық-түліктердің электронды базасын құрмақ

Россельхознадзор Қазақстан, Беларусь және Ресей үшін санкциялық азық-түліктердің электронды базасын құрмақ

Россельхознадзор Қазақстан, Беларусь және Ресей үшін санкциялық азық-түліктердің ортақ электронды базасын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы  m24.ru-ге сілтеме жасап, LS хабарлайды.

Россельхознадзордың Мәскеу, Мәскеу және Туль облысындағы басқарма басшысы Евгений Антоновтың ақпаратынша Кедендік одақ елдерінде бірыңғай фитосанитарлы және ветеринарлы құжаттарды электронды бақылау жүйесі Белоруссиядан Ресейге баратын санкциялы азық-түліктердің жолын жабады. Ол, сондай-ақ, Ресейде берілген сертификаттардың электронды базасы бар екендігін атап өтті. Енді оған Беларусь пен Қазақстанды қосу ғана қалды. "Құжат арқылы Астанаға баратын беларуссиялық фитосанитарлы және ветеринарлы сертификатты өнімдерге арнайы жалауша ілінеді. Біздің  қазақстандық әріптестеріміз тауарды қарап, жалауша іледі. Егер жүк Қазақстанға жетпесе, жалауша алынып тасталады. Келесі жолы өнімді жіберген фирмаға сертификат берілмей, алдыңға партияны қайда жібергенін түсіндіруді талап етеді", - дейді Е.Антонов. Алайда ортақ базаның қашан жұмысын бастайтындығы белгісіз. Ресейлік шенеуніктің сөзінше, қазір үш елдің комиссиясы өзара жұмыс жүргізіп жатыр.

Похожие материалы