Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Румыния билігі ҚазМұнайГаз бен CEFC арасындағы келісімді мақұлдады

Румыния билігі ҚазМұнайГаз бен CEFC арасындағы келісімді мақұлдады

Астана. 1 тамыз. 7kun.kz – Румыния билігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен қытайлық China Energy Company Ltd (CEFC) арасындағы KazMunayGas International N.V. іргелес компаниясының 51 пайыз үлесін сату туралы келісімін мақұлдады. Бұл туралы KMG International баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бойынша, ҚазМұнайГаз бен CEFC үлестері 49 пайыз және 51 пайызды құрайтын болады. Келісім компаниялардың операциялық-қаржылық нәтижелерін жақсартуға және халықаралық деңгейдегі ісін кеңейтуге жол береді.

Еске  салсақ, 2016 жылдың желтоқсанында екі компания KMG International N.V. базасын ортақ кәсіпорын ашу турады жаңа келісімдерге қол қойған.

Айта кетейік, ҚазМұнайГаз 2007 жылы KMG International-ды иеленді. Ол Румыниядағы мұнай өңдеуші екі зауытты басқарады. "ҚазМұнайГаз" Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекетті қамтамасыз ететін, көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша ұлттық оператор болып есептеледі. Ал CEFC China 2002 жылы құрылған. Бұл - энергетика мен қаржылық қызмет кызмет көрсететін жеке меншік кәсіпорын. 2016 жылы компания  Global Fortune 500 тізімінде 229-орын алды.

Похожие материалы