Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Руслан Желдібай Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Руслан Желдібай Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», – делінген қаулыда.

Ол осыған дейін, 2020 жылдың мамыр айынан бастап қазірге дейін Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болудан бастаған.

2012-2018 жылдары «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған. 2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.

2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.

Похожие материалы