Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның құрылыс компаниялары 11 млрд теңге шығынға батты. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
Ірі құрылыс компанияларының кірісі төмендеп, негізгі түсімді шағын сектор қамтамасыз етіп отыр.
2016 жылдың қаңтар-наурызында жалпы түсім көлемі (салық салуға дейінгі) 180,8 млрд теңгені құраған.
Түсімнің кенет төмендеуі мен шығынның белгіленуі ірі компаниялармен қатар шағын секторларда да байқалды. Ірі және орташа кәсіпкерліктер салалар 2017 жылы 24,6 млрд теңге таза пайда тапты, бұл былтырғыдан қарағанда 4,3 есе кем.
Ал шағын кәсіпорындар осы жылдың алғашқы тоқсанында 45,4 млрд теңге шығынға ұшырады. 2016 жылы 31,2 млрд пайда тапқан.
Биыл құрылыс саласының белсенділігі артты. 2017 жылдың І тоқсанында 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 7,1 пайызға артық өнім шығарылған. Ал 2016 жылдың 1 тоқсанында 6,6 пайызды құрады.