Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz - Құрылыс компанияларын "көлеңкеден" шығару үшін қаржы министрлігі арнайы жоба дайындап жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Енді конкурс өткізілгеннен кейін қаржының тендер алушыдан бастап жұмсалғанға дейінгі жолын қазынашылық комитеті қадағалап отырады. Алғаш рет (инжинирг компаниясы) супервайзер қызметі іске қосылып, құрылыстың сапасы ғана емес, барлық шығындары да бақыланып отырады. Пилоттық жоба Астана қаласында және Ақмола, Қарағанды облыстарында жүзеге асырылады.
Ведомствоның мәліметінше, осыған дейін анықталған жалған кәсіпорындардың үштен бірі құрылыс саласына тиесілі. Ең жиі заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаржысын шығындауға қатысты.