Алматы. 13 маусым. 7kun.kz - Қазақстандағы құрылыс белсенділігінің артуы ЖІӨ өсіміне алып келді. Бірақ құрылыс жұмысына кететін шығын көлемі де көбейді. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
2017 жылдың қаңтар-мамырында өткен жылмен салыстырғанда құрылыс бағасы 4,6 пайызға өскен. Бұл соңғы төрт жылдың алғашқы 5 айындағы бағалардың ең үлкен көрсеткіші.
Осы жылы құрылыс-монтаж жұмыстарындағы баға өсімі де 2016 жылдың қаңтар мамырына қарағанда 4,6 пайызды құрады. Ал машиналар мен құрылғылар бағасы 2,8 пайызға, басқа шығындар 5,8 пайызға артқан.
Құрылыс, тау-кен және қайта өңдеу өндірісіндегі іскерлік белсенділіктің артуы республикадағы ЖІӨ көлемін 2017 жылдың І тоқсанында 3,4 пайызға арттырды. Осы жылы құрылыс материалдарындағы ең жоғары өсімді жалпақ шыны бағасы көрсетті. Ондағы өсім өткен жылмен салыстырғанда 19,3 пайызды құраған. Сонымен қатар, метал құрастырғыштар бір жылда 15,5 пайызға қымбаттаған. Ал электрлі жарық түсіргіштер бағасы 14,4 пайызға артқан.
Ал асфальттан жасалған жабын және өндегіш плиталар, цемент және бетон кірпіштер құны 2 пайызға төмендеген.
Еске салсақ, 2017 жылы құрылыс саласы ЖІӨ өсіміне қолдау көрсетіп жатыр. 2017 жылдың І тоқсанында 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда 7,1 пайызға көп өнім өндірілген.
Бұл дағдарыс кезеңіндегі өсімнің ең жоғары көрсеткіші.