Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

S&P агенттігі "ҚазТрансГаз" рейтингін төмендетті

S&P агенттігі "ҚазТрансГаз" рейтингін төмендетті

Халықаралық Standard & Poor's  агенттігінің несиелік рейтингтер қызметі қазақстандық газ холдингі "ҚазТрансГаз" (ҚТГ) АҚ-ның және оның еншілес компаниясы "Интергаз Орталық Азия" АҚ-ның ұзақмерзімді ұжымдық несиелік рейтингтерін "BB+" деңгейінде тұрақтандырды. Ал компания болжамы "тұрақтыдан" "негативтіге дейін" төмендетілді. Бұл туралы агенттік таратқан хабарламада жазылған.

"Рейтингтік әрекет Қазақстан Республикасы мен "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның көрсеткіштері төмендегеніне байланысты.  ҚТГ рейтингін жоғарылату потенциалы еншілес компанияның рейтингімен шектелген. Біз ҚМГ рейтингісінің болжамының өзгеруі бойынша холдингтің болжамын "тұрақты" деген деңгейге ауыстыра аламыз", - делінген хабарламада.

"ҚазТрансГаз" АҚ газ бен газ қамтасыз ету саласындағы ұлттық операторы болып табылады, "ҚазМұнайГаздың" құрылымына кіреді.

Похожие материалы