Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

С. Боқаев: Қаланы сел басу қаупі жоқ

С. Боқаев: Қаланы сел басу қаупі жоқ
Алматыны сел басу қаупі жоқ. Бұл туралы фейсбуктегі парақшасына қалалық Ішкі саясат басқармасының бастығы Санжар Боқаев жазды. "Мен сел басқан жердемін. Қалалық штаб жұмыс істеуде. Қалаға ешқандай қауіп жоқ. Сел Жандосов-Яссауи көшелері мен Дружба, Ақжар ауылдары аумағында жүрген. Үрейленбей, сабыр сақтауларыңызды сұраймын", деп жазады С.Боқаев. Ол сондай-ақ, халық арасында селдің екінші толқыны келе жатыр екен, қала маңындағы суқоймасы жарылыпты деген қауесетке байланысты да пікірін білдірді. "Ешқандай (селдің-ред.) екінші толқыны болмайды. Суқоймасы қалыпты жағдайда. Қайтыс болғандар жоқ. Қосалқы шаруашылық ғимараттары бүлінген. Тек сел басқан аумақта ғана уақытша көшіру жүргізілуде. Үрей тудырмаңыздар. Суқоймасының жарылу мүмкіндігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", дейді. Дәл қазірге дейін құзырлы органдар тарапынан ресми ақпарат әлі тараған жоқ. Жоғарыдағы аумақта сел жүрген соң, тұрғындар арасында "суқоймасы жарылғалы тұр екен, екінші мәрте сел басу қаупі бар" деген қауесет тарап, дүрлігіс пайда болды. Қаланың Наурызбай, Алатау, Әуезов аудандарының кейбір бөлігінің тұрғындары үйлерін тастап кеткен. Қаланың көп бөлігінде көлік кептелістері болуда.

Похожие материалы