Алматы. 30 қазан. 7kun.kz - "Нұрбанк" АҚ банк басқармасы төрағасының орынбасары Сәкен Ахметов өз бастамасымен уәкілеттігін тоқтатты. Бұл туралы kase.kz хабарлады.
Сәкен Ахметов өз еркімен өкілеттігінен бас тартқан. 2017 жылдың 27 қазанынан бастап шешім заңды күшіне енген.
Айта кетейік, "Нұрбанк" АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Сәкен Ахметов банктің басқарма төрағасының міндетін 2015 жылдың 4 тамызынан бастап атқарған еді.
KASE-нің хабарлауынша, 2017 жылдың 1 қазаннан бастап банк акциясының 82,81% ЖШС «JP FINANCE GROUP» тиесілі. Банктің активтерінің көлемі 394,3 млрд теңге, несие қоржыны 207,7 млрд теңгені құрайды. 2017 жылдың тоғыз айында банктің таза табысы 2,1 млрд теңгеге жеткен.