Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz - Сәкен Сәрсенов "Қазпошта" АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Forbes.kz хабарлайды.
Сәкен Сәрсенов бұған дейін 2016 жылдың 21 мамырынан бастап ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі қызметін атқарған. ХҚКО, электрондық үкімет, ақпараттандыру және байланыс салаларын дамыту бойынша жұмыс істеді.
Айта кетейік, 2017 жылдың 24 қаңтарында «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Мусин Бағдат Батырбекұлының ұсынған өтініші негізінде оның өкілеттігі тоқтатылған. Ал 25 қаңтар күні компанияның баспасөз қызметі басқарма төрағасының міндетін атқарушы ретінде Егембердиева Сауле Дюсембаевнаны тағайындау туралы ақпарат таратқан.