Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның «В/В» деңгейіндегі рейтингін растады, болжам –тұрақты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттіктің деректеріне сәйкес, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың рейтингтері бойынша «Тұрақты» деген болжам S&P аналитиктерінің банктің бизнес-тәуекелдерінің бейіні мен қаржылық көрсеткіштерінің келесі 12 ай ішінде тұрақты болып қалатыны жөніндегі пікірін білдіреді.
Сондай-ақ, агенттіктің хабарламасында 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның банк жүйесінің бөлшекті депозиттер сегментіндегі нарықтық үлесінің 6,8%-ды құрайтыны көрсетілген. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еліміздің бірнеше өңірлерінде саны 1 млн асатын шот иелеріне қызмет көрсететін ауқымды бөлшекті қызмет көрсету желісі бар. Оның Алматы облысындағы нарықтық үлесі 12,5%-ды құрайды.
«Біздің ойымызша, Банктің рейтингінің расталуы – осы қаржы институтының банк жүйесіндегі маңыздылығы мен тұрақтылығының көрсеткіші, ал бұл, өз кезегінде, халықтың ЦентрКредит Банкіне, оның тәуекелдер мен орнықты бизнес-моделіне қатысты ұстамды саясатына деген сенімін білдіреді. Банкті таңдаған кезде қаржылық сенімділік жеке тұлғалар үшін де, бизнес-клиенттер үшін де шешуші фактор болған, ал қазіргі таңда бұл көрсеткіштің маңыздылығы бұрынғыдан да артып отыр», – деді ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Ғалым Хусаинов.