Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін "ВВ+/"деңгейінде растады. Рейтингтер бойынша болжамдар — "тұрақты", деп хабарлады агенттік.
Сонымен қатар, S&P екі ұйымның ұлттық шкала бойынша рейтингтерін "kzAA+"деңгейінде растады.
Рейтингтерді растау Қазақстанның банк секторының салалық және елдік тәуекелдерін бағалауды қайта қарау нәтижесінде шығарылды.
Сарапшылардың пікірінше, "Бәйтерек" холдингі негізгі еншілес компанияларының, "Даму" Қоры мен Қазақстан Даму Банкінің, несиелік қабілеттілігі мемлекеттік қолдаудың белгілі бір ықтималдығының арқасында салалық тәуекелдердің өсуіне тұрақты болып қалады.
"Біз ҚДБ-ның жеке кредит қабілеттілігі сипаттамасының бағасын " b "деңгейінде растадық. Банк, ең алдымен, мемлекет тарапынан 2018 жылдың желтоқсанында және 2019 жылы капитал құйылуының арқасында капиталдандырудың " жеткілікті" көрсеткіштерін сақтайды деп пайымдап, олар тәуекелді ескере отырып түзетілген капитал коэффициентін (risk — adjusted capital ratio - RAC) 7-8% деңгейінде қолдауға ықпал ететін болады", - делінген хабарламада.
"Даму" Қорының SACP рейтингі «b» -дан «b-» -ке төмендетілді. S & P-ның пікірінше, қордың капиталдандыруы қазақстандық банк жүйесіндегі салалық тәуекелдердің артуына байланысты әлсіреуі мүмкін. Ал қордың RAC коэффициенті 2019-2020 жылдар аралығында баланстың жоғары жоспарлы өсуіне байланысты 8-9% дейін төмендейді.
S&P пікірі бойынша, қажет болған жағдайда Үкімет " Даму "-ға уақтылы экстраординарлық қолдау көрсету ықтималдығы өте жоғары.
Сарапшылардың пікірінше, "Даму " және ҚДБ рейтингі бойынша " тұрақты " болжамдар Қазақстанның рейтингі бойынша осындай болжамдарды көрсетеді
S&P "Бәйтерек" тобына немесе басқа да қазақстандық ОСГ-ға таяу 12 айда берілетін мемлекеттік қолдаудың әлсіреу белгілерін белгілесе, "Даму" және ҚДБ рейтинтерін төмендетуі мүмкін.
«Біз ОСГ борыштық мониторинг жүйесін айтарлықтай жақсарту және Қазақстанда ОСГ-ға ерекше қолдау көрсету тетіктерінің тиімділігін арттыру жағдайында "Даму" және ҚДБ рейтингтерін жақсарта аламыз», - дейді