Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

S & P «Даму» Қорының рейтингін «BBB-/A-3»деңгейіне көтерді

S & P «Даму» Қорының рейтингін «BBB-/A-3»деңгейіне көтерді

«S&P Global Ratings (2016 жылға дейін - Standard & Poor ' s Financial Services LLC) «Даму» Қорының шетелдік және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингтерін «BBB-/A – 3»-ке дейін көтерді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Рейтингтердің өзгеру болжамы – «Тұрақты». Сонымен қатар Қордың рейтингі ұлттық шкала бойынша «kzAAA» деңгейіне дейін көтерілді.

Агенттік «Даму» Қорының «Бәйтерек» Холдингі тобының негізгі еншілес құрылымы» ретіндегі орнын ерекше атап өтті.

«Мемлекеттің шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарын қолдаудағы өте маңызды рөлін атап айтқымыз келеді. Мысалы  Қазақстанда тек «Даму» Қоры жүзеге асыратын бірқатар бағдарламалар жұмыс істеп жатыр», - деп түйінделген құжатта.

S&P сондай-ақ «Даму» Қорының мемлекетпен байланысты ұйымдардың сыртқы борыш деңгейін мониторингтеу үшін арнайы комиссия құруды қоса алғанда, Үкіметтің  мемлекетпен байланысты ұйымдардың борыштық міндеттемелері бойынша алдағы төлемдерін мониторингтеу процесінде соңғы төрт жылда жағдай жақсарғанына» назар аударды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева: «Қордың негізгі міндеті – ең алдымен, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу. Қордың несиедегі рейтингін арттыру және Қордың рейтингін тәуелсіз рейтингке теңестіру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атап айтқанда, ШОБ секторын дамыту саласындағы Қордың жоғары қаржылық орнықтылығы мен жүйе ретіндегі маңыздылығын растау», - деп түсініктеме берді.

Айта кетейік, 2021 жылғы 4 қыркүйекте S&P Қазақстан Республикасының тәуелсіз несие рейтингін «BBB –« деңгейінде растаған, болжам «Тұрақты» болды.

Похожие материалы