Алматы. 25 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың 24 шілдесі S&P Global Ratings Қазақстанның "Эксимбанктің" CreditWatch Negative тізіміндегі ұзақ және қысқа уақыттық несиелер рейтингін қалдырды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл тізімге банк 2017 жылдың 20 ақпанында енген болатын.
Банктің бұл тізімде қалдырылуы оның соңғы айларда қайта қаржыландыру мәселелерін шешуде прогресс жасағанын білдіреді.
Эксимбанк ҚР Ұлттық банкінен 10 млрд теңге көлемінде несие алып, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына" қарызын өтеуі қажет. Қарызды өтеу уақыты 2017 жылдың қарашасында аяқталады. Ал дәл қазіргі уақытта банктің төлем активтері (10,9 млрд теңге) қарызын төлемнің реттеуіш коэффиценттері ережесін бұзбай өтеуге жеткіліксіз.