Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

S&P Фридом Финансқа "В - /В" деңгейіндегі рейтинг берді

S&P Фридом Финансқа "В - /В" деңгейіндегі рейтинг берді

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "Фридом Финанс" АҚ (Қазақстан Республикасы) және "Фридом Финанс" ИК ЖШҚ (Ресей Федерациясы) бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына "В-/В" деңгейінде рейтингтер берді. Сонымен қатар, компания "kzBB-"деңгейінде ұлттық шкала бойынша рейтинг алды.

S&P талдаушылары 2019 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Freedom Finance өте төмен борыштық жүктемені қолдайды деп санайды. Борыш деңгейі 31,7%-ды құрады. Топтың өтімділік профилі жоғары сандық көрсеткіштермен және өтімді активтердің жоғары шоғырлануымен сипатталады. Өтімділікті жабу коэффициенті 157% болды.

"2018 жылы топ РЕПО тетігі арқылы қаражат тартуды қысқартып және өз позициясын қорландыру үшін үш жылдық облигациялар шығара отырып, Қазақстанда қорландыру құрылымын айтарлықтай әртараптандыруға қол жеткізді. Біздің ойымызша, бұл Freedom Finance активтер мен міндеттемелер базасын өтеу мерзімдері бойынша теңдестіруге мүмкіндік берді, мұны 2019 жылғы 31 наурыздағы деректер бойынша шамамен 90%-дан шамамен 102%-ға дейін жақсарған брутто тұрақты қаржыландыру коэффициенті куәландырады", - делінген агенттік есебінде.

Агенттіктің хабарлауынша, "Фридом Финанс" АҚ және "Фридом Финанс" ИК ЖШҚ рейтингтері бойынша "Тұрақты" болжамы алдағы 12-18 айда топ комиссиялық кірісті біртіндеп арттырып, қазақстандық бөлімшенің теңгерімінде бағалы қағаздардың айтарлықтай көлемін меншікте ұстап тұратынын көрсетеді.

Айта кетейік, "Фридом Финанс" АҚ 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 34,3% нарықтық үлеспен Қазақстан Республикасында инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арасында активтер көлемі бойынша бірінші орында тұр. Холдингтің ресейлік бөлігі - "Фридом Финанс" ИК ЖШҚ - Мәскеу биржасында тіркелген клиенттерінің саны көп брокерлер рейтингінде 9-шы орынға ие.

Похожие материалы