Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

S&P: Kaspi Bank-тің рейтинг бойынша болжамы «Тұрақты» деңгейіне көтерілді

S&P: Kaspi Bank-тің рейтинг бойынша болжамы «Тұрақты» деңгейіне көтерілді

Алматы. 17 тамыз. 7kun.kz – S&P Global Ratings «Kaspi Bank»АҚ рейтинг бойынша болжамын «Жағымсыз» деңгейінен «Тұрақтыға» өзгертті. Агенттік банктің ұзақ және қысқамерзімді кредиттік рейтингін «ВВ-/В» деңгейінде мақұлдады. Сондай-ақ, ұлттық өлшем бойынша банк рейтингі «kzA-дан» «kzA»-ға көтерілді. 

Болжамды өзгертуге себеп – Kaspi-дің Қазақстандық банк секторындағы операциялық қызметінің қиын жағдайларда болғанына қарамастан табысқа қол жеткізу мүмкіндігі жоғарылығы. Рейтинг агенттігінің болжамы бойынша ішкі табыс көздерінен алынған капитал жылдам өсу үстіндегі кредиттік портфельге қолдау көрсетеді. Атап айтқанда қайтарылмауы мүмкін тұтынушылық кредит үлесі артқан жағдайда туындауы мүмкін кредиттік тәуекелді қамтамасыз етуге септеседі.

«Kaspi Bank» АҚ соңғы бес жылда операциялық көрсеткіштерінің тұрақтылығын көрсетті. Бұған операцияларды жүргізу қиындығы бар ортада болуына қарамастан жеке капиталының табыстылығы жөніндегі орташа коэффиценттің (return-on-average-equity — ROAE) 28,7% деңгейінде болуы дәлел.

«Kaspi Bank» АҚ – соңғы бес жылда мемлекет немесе акционерлер тарапынан шұғыл көмекке зәру болмаған аз банктердің бірі. Банктің бизнес-үлгісі басқа банктермен салыстырғанда жоғары комиссиялық кірістің болуын қарастырады. Сондықтан банкте проценттік маржаның азаю қаупі жоқ.

S&P «Kaspi Bank» АҚ алдағы 18 айда қайтарылмауы мүмкін тұтынушылық кредиттердің болу қаупін ескере отырып, кредиттік тәуекелді арттырмау үшін өз өнімдерінің құнын әділ бағалауын күтеді. Агенттіктің болжамы бойынша алдағы екі жылда Kaspi Bank-тің проблемалық кредитінің көлемі 8-9% көлемінде болады. Бұл қазақстандық банк жүйесіндегі проблемалық кредиттің болжанған үлесінен (25-30%-ред.) айтарлықтай төмен.

Похожие материалы