Алматы. 30 қазан. 7kun.kz — Standard & Poor's халықаралық рейтингтік агенттігінің кредиттік рейтинг қызметі ВТБ (Қазақстан) банкінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингінің болжамын «Тұрақты» «BB+/B» деңгейінде растады. Сонымен қатар, S&P «kzAA» деңгейінде ұлттық меже бойынша банктің рейтингін растады.
"Біз Ресей банкісінің еншілес ұйымы Банк ВТБ (Қазақстан) рейтингтерін растадық, бұл банктің басты құрылым үшін сақталып отырған стратегиялық маңыздылығы мен қажет болған жағдайда акционер тарапынан әлеуетті қолдау туралы біздің пікірімізді көрсетеді», - деп S&P Global Ratings атап өтті.
Айта кетейік, 2019 жылы ВТБ Банктің Қазақстанда пайда болғанына 10 жыл толады.
«Рейтингтерді растау – жүргізілген жұмыстардың және біздің ұйғарымдарымыздың маңыздылығының белгісі. Республикамыздағы еншілес банкті дамытудың жаңа үшжылдық стратегиясы осы жылдың соңына дейін қабылданады. Қазақстандық нарықта банк бизнесінің артықшылығы ретінде әлі де шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болып қалады. Біз кредиттеуді дамытуды, тауарлы-шикізат нарықтарындағы операцияларды және клиенттерімізге кеңес беруді жалғастырамыз», - деді ВТБ (Қазақстан) банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.