Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сәбина Мамадиярова дәрігерлердің бақылауында біраз уақыт болады – министрлік

Сәбина Мамадиярова дәрігерлердің бақылауында біраз уақыт болады – министрлік

Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалып, кейін үйінді астынан аман-есен табылған Сәбина Мамадиярованың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Біздің консул Сәбина Мамадияроваға барды, оның денсаулығы жақсы. Оның зақымдалған қолына ота жасады. Дәрігерлердің айтуынша, ол әлі де олардың бақылауында біраз уақыт болуы керек», – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, кеше, 11 ақпанда кешке Түркиядағы жер сілкінісі кезінде опат болған қазақстандықтар Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті Алматыға жеткізілді. Бүгін Алматыда Мирболат Құрмашевті ақтық сапарға шығарып салды.

Похожие материалы