Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сағат 16.00-ке дейін 7 млн 450 мың қазақстандық дауыс берді

Сағат 16.00-ке дейін 7 млн 450 мың қазақстандық дауыс берді

Астана. 20 қараша. 7kun.kz – Республика азаматтарының 62,34%-ы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

  • Абай облысы бойынша – 73,57,
  • Ақмола облысы бойынша – 71,38,
  • Ақтөбе облысы бойынша – 68,81,
  • Алматы облысы бойынша – 55,11,
  • Атырау облысы бойынша – 60,87,
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 54,62,
  • Жамбыл облысы бойынша – 68,74,
  • Жетісу облысы бойынша – 68,88,
  • Қарағанды облысы бойынша – 71,89,
  • Қостанай облысы бойынша – 71,38,
  • Қызылорда облысы бойынша – 72,88,
  • Маңғыстау облысы бойынша – 59,61,
  • Павлодар облысы бойынша – 72,73,
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 72,21,
  • Түркістан облысы бойынша – 8,09,
  • Ұлытау облысы бойынша – 72,75,
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 68,42,
  • Астана қаласы бойынша – 44,39,
  • Алматы қаласы бойынша – 26,19,
  • Шымкент қаласы бойынша – 56,28 пайыз.

Анастасия Щегорцованың айтуынша, 16-00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 450 195 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілен азаматтардың 62,34 пайызын құрайды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтуде. Қазақстанның барлық өңірінде 10 033 учаске және шет мемлекеттердегі ҚР өкілдіктері жанындағы 64 учаскеде дауыс беру жүріп жатыр.

Похожие материалы