
Қазақстан. 6 мамыр. 7kun.kz – Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалады. Бұл туралы журналист Махамбет Әбжанның «ABZHAN NEWS» telegram-арнасы хабарлады.
«Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясындағы елші болып тағайындалады деп күтілуде», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматының бұрынғы әкімі Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Руслан Бекетаевты алмастырады деген ақпарат тараған еді.
Еске салайық, 31 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты отставкаға жіберіп, орнына Ерболат Досаевты тағайындады.