Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Саяси партия құрамын деген Болат Әбілов бизнесін сатып жатыр

Саяси партия құрамын деген Болат Әбілов бизнесін сатып жатыр

Алматы. 3 маусым. 7kun.kz – Белгілі саясаткер әрі бизнесмен Болат Әбілов Forbes-қа көлемді сұқбат беріп, бұған дейін 400 млн доллар инвестиция тартқан бизнесін сататын мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz forbes.kz-ке сілтеме жасап.

2001 жылы бизнестен толықтай кеткен Болат Әбілов сол кезде бар капиталын сатуға мәжбүр болған. Бірнеше жылда жинаған активтері өзге адамдарға өте арзан бағада сатылыпты. Бірақ Болат Әбілов бизнесін Назарбаев әулетіне сатқысы келмегенін айтады.

«Мен өз активтерімді бір күнде сата салмадым. Нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан болды. Менің бизнесіме қатты қысым болды. Түрлі тексерістер мен қылмыстық істер, біреулерді қорқытып жатты, кейбіреулер қамалып жатты. Назарбаев әулетінен де адамдар келді сатып алмақшы болып. Жақсы ақша ұсынды. Бірақ мен сатпадым. Басқа адамдарға арзан бағада бере салдым. Себебі бүкіл ел бір отбасының иелігінде болғанын қаламадым», - дейді Болат Әбілов.

Бизнесін сатқаннан кейін Әбілов 2005 жылы Жармахан Тұяқбайдың сайлау алды кампаниясын, оппозициялық партияларды, тәуелсіз БАҚ-ты қаржыландырыпты. Кейіннен 2016 жылы Ораз Жандосовпен бірігіп «жасыл» энергетикамен айналысуды қолға алған. Компания атау – Eneverse Kunkuat.

«Досым екеуміз 2016 жылы бастады. Бұл өте қызықты әрі қазіргі трендтегі бизнес. Қазірге дейін 6 энергетикалық станция салдық. Жартысы – желден қуат алады, жартысы – күн көзінен. Осы жылы тағы екі желден қуат алатын станция құрылысы аяқталады. Бүгінде біз «жасыл» энергетика саласында тек Қазақстанда емес ТМД аумағында ең ірі жеке компаниямыз», - деп атап өтті Болат Әбілов.

16 мамыр күні Болат Әбілов Bizdin Tandau атты партия құратынын мәлімдеген. Оның негізгі бағдарламаларының бірі – «Самрұқ-Қазына» қорын тарату, Қазақстанды Еуразиялық Экономикалық Одақтан шығару.

Похожие материалы