
Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық қорға 1 трлн теңгеден астам қаржы түскен.
Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметінше, 2016 жылдан қарағанда (594,1 млрд теңге) түсім 1,7 есе көбейген.
Салықтың негізгі бөлігі мұнай секторының ұйымына тиесілі. Бұл төлем - бірінші жартыжылдықта 474,2 млрд теңгені құрады.
Мұнай секторы ұйымының кіріс салығы - 297,2 млрд теңге, ал экспортталатын мұнай-газ шикізатының ренталық салығы - 98 млрд теңге.
Сонымен қатар, Ұлттық қорға 3,2 млрд теңге әкімшілік айыппұлдар есебінен, ал 2,4 млрд теңге мұнай секторы ұйымынан қаржы түскен.