Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Салымшылардың зейнетақы жинақтары 193,3 млрд теңгеге ұлғайды

Салымшылардың зейнетақы жинақтары 193,3 млрд теңгеге ұлғайды

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2018 жылғы қаңтар-наурызда 193,3 млрд теңгеге (2,5%) ұлғайып, 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 7 974,1 млрд теңгені құрады.

2018 жылғы қаңтар-наурызда 2 841,3 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан «таза» кіріс 2018 жылғы қаңтар-наурызда 66,4 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2018 жылғы 1 сәуірде 9,6 млн шотты құрады.

Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2018 жылғы қаңтар-наурызда 72,4 млрд теңгені құрады.

БЖЗҚ-тың жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін 2018 жылғы 1 сәуірде бұрынғыдай, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 45,2%-ын және 28,2%-ын) құрайды.

Похожие материалы