Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Салық амнистиясын қанша кәсіпорын пайдаланды

Салық амнистиясын қанша кәсіпорын пайдаланды

Алматы. 13 тамыз. 7kun.kz - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев ОКҚ брифингінде шағын және орта бизнестің қанша субъектісі салық амнистиясын пайдаланғанын айтты.

«ШОБ-ке рақымшылық жыл басынан бері өткізіліп келеді. Жалпы, мұндай субъектілердің 90 мыңнан астамына рақымшылық жасалды. Бүгінгі таңда 46%-ы өз қарыздарын өтеген. Өтелген берешектің сомасы 7,8 млрд теңгені құрады. Олар бойынша 2,3 млрд теңге өсімақы мен 200 млн айыппұл есептен шығарылды", - деді спикер.

Сонымен қатар, спикер айыппұлдардың бір бөлігі есептен шығарылмауы мүмкін екенін айтты, себебі 18 мың субъектінің қарыздары үмітсіз, өйткені бұл ұйымдар банкрот сатысында немесе әрекетсіз. Бизнестің мұндай субъектілеріне жалпы борыштың 65%-ы тиесілі.

Еске сала кетейік, заңды тұлғаларға салықтық амнистия 2019 жылдың ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша басталған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оған 210 млрд теңге қарызының жалпы сомасы бар 90 мың салық төлеуші енген.

Похожие материалы