Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Салықтық амнистия аясында 27,903 салық төлеуші 5,9 млрд теңге төледі

Салықтық амнистия аясында 27,903 салық төлеуші 5,9 млрд теңге төледі

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың ақпан айының басында Қазақстанда 27 903 салық төлеуші бюджетке 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 5,9 млрд теңге құрайтын негізгі қарызын төлеген. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылдың 8 ақпанынан бастап салық төлеушілер Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енеді.

Аталған Қағидалар Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды және айыпұлды есептен шығару жөнінде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу туралы берілген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленіп, бекітілген.

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша 27 903 салық төлеуші бюджетке 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 5,9 млрд.теңге құрайтын негізгі қарызын төлеген.

Осылайша, жақын арада, Қағидалар қолданысқа енгізілген соң, жоғарыда көрсетілген салық төлеушілерге 1,1 млрд.теңге өсімпұл және 100,0 млн.теңге айыппұл есептен шығарылатын болады.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылады. Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілерге қатысты рахымшылық қолданудың тәртібі басқаша.

Похожие материалы