Экономика
Выбор редактора
"Самұрық-Қазына" бес компанияны IPO-ға шығарады
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры IPO аясында шығарылуы тиіс қосымша бес компанияны анықтайды делінген Президент жарлығында.
"Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған нарығында инвесторлардың кең аясы үшін - отандық және халықаралық инвесторлар үшін орналастырылған акцияларға шаққандағы 25%-дан кем емес мөлшерде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының IPO жүргізу үшін инвестициялық тұрғыда ең тартымды бес компаниясын анықтау", - делінген жарлықта.
Айта кететін жайт, үкімет "Халықтық IPO" бағадарламасының аясында орналастырылатын акциялардың үлесі бойынша ең жоғары шаманы 15%-дан 25%-ға дейін арттырды.