Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Самұрық-Қазына" Силикон алқабында компания құрмақшы

"Самұрық-Қазына" Силикон алқабында компания құрмақшы

"Самұрық -Қазына" компаниясының басшылығы АҚШ-тағы Силикон алқабында еншілес компаниясын құрмақшы. Бұл туралы Өмірзақ Шүкеев бастаған делегацияның 9-10 сәуірде Калифорнияға жасаған сапарында белгілі болды деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" баспасөз қызметі.

Хабарламаға сәйкес, іс-сапар кезінде қазақстандықтар Стэнфорд университетінің, Беркли университетінің және Tesla Motors, SolarCity және тағы да басқа танымал инновациялық компаниялардың жұмысымен танысты. Сапар кезінде таза энергетика, газ химиясы, транспорт, медицина, ауыл шаруашылық және ІТ салаларындағы серіктестік мәселелері талқыланды.

"Жекелей алғанда Силикон алқабында «Самрук Innovation»  компаниясын құру мүмкіндігі қаралды", - делінген хабарламада. Сондай-ақ қазақстандық делегация "Самұрық-Қазына" компаниясының әрекетімен таныстырып, «Астана ЭКСПО-2017», Астанадағы "Жасыл аудан" және Kaz PV. күн панелдерін өндіру жобалары жөнінде баяндама жасады.

 

Похожие материалы