Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Самұрық-Қазына» жылжымайын мүлік қорының басшысы ауысты

«Самұрық-Қазына» жылжымайын мүлік қорының  басшысы ауысты

Астана. 27 ақпан. 7kun.kz - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы болып Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы тағайындалды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 16 ақпардағы шешімі бойынша Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы болып   тағайындалды.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы шешіміне сәйкес Мамыталиев Бауыржан Жаймұрзынұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Арман Жетпісбаев 1971 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы Куйбышев ауылында туған.

1993 жылы Қазақ-химия технология институтын «өнеркәсіп және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша «инженер-құрылысшы» біліктілігін.

2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша «экономист» біліктілігін игерген.

1992 жылдан бастап 1999 жылғы шілдеге дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс атқарған.

1999 жылдың шілдесінен 2000 жылдың сәуірі аралығы "Казкоммерцбанк" АҚ-ның Шымкент қаласының филиалы директорының орынбасары.

2002-2003 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Қызылорда қаласы филиалының директоры, «Қазкоммерцбанк» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2003-2005 жылдары «Корпорация ARNA» ААҚ-ның атқарушы директоры, кейін «Корпорация ARNA» ААҚ басқармасының төрағасы болып сайланды.

2005-2006 жылдары «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ (АЭА) дирекциясы мемлекеттік мекемесінің директоры.

2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2008 жылдың ақпан айынан бастап Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

2012 жылдың 24 сәуірінде әкімдік қызметтен босады.

2015 жылдың желтоқсанында "Казатомпром" ұлттық компаниясының директоры болып тағайындалды.

Похожие материалы