Астана. 5 қаңтар. 7kun.kz – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты іс бойынша тек куәгер ретінде тергелуде. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Журналситер Бас прокурорға ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасарына қатысты сұрақ қойды.
«Ол жай ғана куәгер ретінде жауап береді», – деді Берік Асылов.
Еске салайық, 17 қаңтарда Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.