Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Samsung басшысы «пара алды» деген күдікпен қамауға алынды

Samsung басшысы «пара алды» деген күдікпен қамауға алынды

Сеул. 17 ақпан. 7kun.kz - Оңтүстік Корея соты Samsung компаниясының вице-президенті әрі іс жүзінде басшысы Ли Чжэ Ёнді қамау туралы прокуратураның қайта берген өтінішін мақұлдады.  48 жастағы топ-менеджер Samsung тарихында бірінші рет қылмыстық іс қозғалып ұсталған басшылық өкілі болды. Бұл туралы Рехнап агенттігі хабарлады.

Прокуратура сондай-ақ Samsung Electronics президенті Сан Джин Пакты да ұстау туралы өініш берген, бірақ сот оны қанағаттандырмаған. Сот жергілікті уақытпен таңғы сағат 5.30-да қабылдаған. Ал Samsung Electronics акциялары таңғы саудада 1,2 пайызға, Samsung C&T Corp акциялары 3,2 пайызға арзандады.

Тергеу ісі бойынша, Ли Чжэ Ён президенттің жақын құрбысы Цой Сун Сильге қаржылық қолдау көрсетуге уәде берген, өз кезегінде Сун Силь мемлекеттің қолдауын алып беруге уағдаласқан. Прокуратура болжамы бойынша, Ли оған 43 млрд вон (36,3 млн доллар) берген не беретінін айтқан, ал оның орнына 2015 жылы Samsung пен Cheil Industries Inc. компанияларының қосылуын сұраған.

Ал Силь президентпен таныстығын пайдаланып бизнестен ірі көлемде ақша өндіру, алаяқтық және мемлекет ісіне араласу айыптары бойынша күдіктеліп отыр.

Похожие материалы