Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Samsung BlackBerry-ді сатып алмайды, тек технологияларын қолдану туралы келісім жасасуда

Samsung BlackBerry-ді сатып алмайды, тек технологияларын қолдану туралы келісім жасасуда

Оңтүстік Кореялық Samsung Electronics Co канадалық смартфон өндіруші BlackBerry Ltd. компаниясын сатып алуға құлықты емес,

"Біз BlackBerry-мен жұмыс істеп, серіктестігімізді ұлғайтқымыз келеді, бірақ бұл компанияны сатып алу ойымызда жоқ, - деді Samsung  компаниясының бас атқарушы директорларының бірі  Шин Йонг Кюн. - BlackBerry Samsung үшін аса маңызды стратегиялық серіктестердің бірі болып табылады. Осылайша, топ-менеджер Samsung компаниясының BlackBerry-ді $7,5 млрд-қа сатып алады деген БАҚ-та пайда болған хабарларды жоққа шығарды. Samsung шығарып жатқан Knox жүйесі BlackBerry - BES12 жаңа серверінде жұмыс істейтін мобильді құрылғыларға арналған қауіпсіздікті нығайтады. BlackBerry смартфондар нарығында өзіндік үлесін біраз жоғалтып алғанымен, алдағы уақыттарда түрлі компанияларға қызметтерін ұсына отырып, қауіпсіздік қызметін күшейтетін, мәліметтерді шифрлау және жеке ақпараттарды қорғау секілді шараларды әзірлеуге көмек беруге құлықты. Samsung акциялары саудада сейсенбі күні 2,2%-ға қымбаттады. Ал өткен жылы олардың бағасы 3,3%-ға түскен еді.

Похожие материалы