Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Samsung Galaxy S8 бен S8+ смартфондарын таныстырды

Samsung Galaxy S8 бен S8+ смартфондарын таныстырды

Алматы. 31 наурыз. 7kun.kz - Samsung Electronics Нью Йоркте Galaxy S8 бен S8+ смартфондарын таныстырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Galaxy S8 бен S8+ смартфондарындағы ерекшелік - экраны дөңгелектенген. Бұл жағынан Galaxy S7 Edge смартфонына ұқсайды.
Телефон корпусы әйнектен жасалған. Басқару батырмасы экранда, ал саусақ іздерін анықтайтын сканер артында орналасқан. Флагман Galaxy Note 7 секілді көздің сыртқы мөлдір қабығы арқылы анықтайтын сканермен жабдықталған. Екі гаджет те Dual Pixel технология орнатылған. 12 мегапиксельдік артқы және 8 мегапиксельдік алдыңғы камерасы бар.
Galaxy S8-де Samsung — Bixby атты дауыстық көмекші пайда болды. Оның функциясы желіден ақпарат іздеумен ғана шектелмейді. Bixby экранда не болып жатқанын түсінеді және қолданушыға смартфонның негізгі қызметтерін пайдалануға көмектеседі. Мысалы, оның көмегімен экранға қолыңызды тигізбей-ақ галереядағы суретті редакциялап, басқаларға жібере аласыз. Сонымен қатар, егер камераны қандай да бір обьектіге апарсаңыз, Samsung — Bixby оны анықтап сол туралы ақпарат шығарып береді.
Смартфондар тез және сымсыз қуаттандыру технологиясымен жабдықталған. Телефондардың операциялық жүйесі Android 7.0.
Смартфонның сыртындағы IP68 қорғаныс қабаты 1 метр тереңдіктегі су астында 30 минут бойы пайдалануға мүмкіндік береді.
"Түн қараңғылығы", "сұр орхидея", "көкшіл маржан", "арктикалық күміс" пен "алтын үйеңкі"  түстерімен шығарылған смартфондар АҚШ-та 21 сәуірде  сатылымға түседі. Ал Қазақстанға қашан келетіні белгісіз.

Похожие материалы